AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар кешкі жаттығулардың денсаулыққа әсерін анықтады

Спортзалға кешке бару метаболизмді тездетеді және түнде қандағы қантты төмендетеді. Австралия католиктік университетінің ғалымдары осындай қорытынды шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Diabetologia журналына сілтеп.

Ғалымдар артық салмағы және жоғары майлы диетаны ұсынылған екінші типті қант диабетінің даму қаупі бар 24 ер адамның метаболизмін зерттеді. 

Зерттеуге қатысышылар таңертең, кешке спортпен шұғылданатындар немесе мүлдем дене жаттығуымен айналыспайтындар сынды топтарға бөлінді. Таңертеңгі және кешкі жаттығулар кардиореспираторлық жүйенің жағдайын жақсартатыны анықталды. Ал кешкі жаттығулар түнде глюкоза деңгейін төмендетеді.

Жетекші зерттеуші Трине Мохолдттың айтуынша, зерттеу нәтижелері глюкозаны реттеуде проблемалары бар диабетпен ауыратындар үшін ерекше маңызды.

"Біз таңертеңгі немесе кешкі жаттығулардан кардиореспираторлық жүйенің жақсарғанын байқадық, бірақ түнгі қандағы қант тек кешкі жаттығулар кезінде әсер алады", - деді ол.

Мохолдттың сөзінше, екінші типті қант диабетімен ауыратын адамдар көбінесе түнде глюкозаның артуынан зардап шегеді. Енді қандағы қант деңгейін кешкі жаттығу арқылы бірқалыпты ұстауға болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр