Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар алғаш рет Ай топырағында өсімдік өсіріп шығарды

Ғалымдар алғаш рет Айдың топырағында көк шөп өсіріп шықты. Бұл тәжірибе – адамдардың Айда ұзақ уақыт болуын мүмкін етеді және болашақта жердегі азық-түлік тапшылығы мәселесін шешу жолындағы маңызды қадам, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп.

Зерттеушілер 1969-1972 жылдардағы "Аполлон" миссиясы кезінде жиналған шаңның үлгілерін алып, оған Таля өсімдігінің тұқымын отырғызды.

Тағаларлығы, тұқым екі күнде өніп шықты.

Флорида университетінің профессоры және зерттеудің авторларының бірі Анна-Лиза Пол: "Біздің қаншалықты таңданғанымызды айтып жеткізе алмаймын”, – деді.

Айдан әкелінген және қалыпты топырақтағы өсімдіктер шамамен алтыншы күнге дейін бірдей боп өскен. Осыдан кейін айырмашылықтар байқалған. Ай топырағындағы өсімдіктер күйзеліске ұшырай бастады, баяу өсіп, ақырында өсу жағынан жердегі өсімдіктен артта қалған.

Бірақ ғалымдар бұл әлі де қолданбалы маңызы бар серпіліс екенін айтады.



"Бұл зерттеу NASA-ның ұзақ мерзімді мақсаттары үшін өте маңызды, өйткені біз Ай мен Марста табылған ресурстарды ғарышта өмір сүретін және жұмыс істейтін болашақ астронавтар үшін азық-түлік көздерін әзірлеу үшін пайдалануымыз керек", – деді NASA басшысы Билл Нельсон.

"NASA ауылшаруашылық инновацияларын енгізу үшін жұмыс істеп жатыр, бұл бізге өсімдіктердің Жердегі азық-түлік тапшылығы бар аймақтардағы жағдайларды қалай қалыпқа келтіруге болатынын түсінуге көмектеседі", – деп түсіндіреді NASA басшысы.

Жердегі ай топырағының мөлшері өте шектеулі. 1969 жылдан бастап үш жыл ішінде NASA астронавттары Ай бетінен 382 кг ай жыныстарын, қиыршық тастарды, құмдарды, шаңдарды, сондай-ақ бұрғылау арқылы алынған өзектерді – топырақ үлгілерін алып келді.

Флорида университетінің ғалымдар тобы ондаған жылдар бойы жабық сақталған үлгілерден тәжірибе үшін бір өсімдікке небәрі 1 грамм топырақ алды.

NASA 2025 жылы адам басқаруымен Айға сапар жоспарлап отыр. Егер бәрі ойдағыдай болса, бұл 1972 жылдан бері адамның Айға алғашқы қонуы болмақ.

Талқылау