Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

122 жылда алғаш рет: Үндістан мен Пәкістанда аптап ыстық

Үндістан мен Пәкістанның бірнеше аймағында қатты аптап ыстық болды. Күннің ыстығынан электр қуаты үзіліп, құрғақшылыққа әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үндістан мен Пәкістанда бұрын-соңды болмаған аптап ыстық құрғақшылық туғызып отыр. Науқастардың көптігінен ауруханалар толып қалды.

Үндістанның метеорологиялық департаменті сәуірде Үндістанның солтүстік-батысында және орталық бөлігінде орташа максималды температура соңғы 122 жылдағы ең жоғары және шамамен +37°C болғанын хабарлады.

Үндістан мен Пәкістанда электр қуатына қатысты мәселелер тіркелді. Қалыпты емес температураның салдарынан көптеген үйлерде кондиционерлер мен желдету жүйелері тәулік бойы жұмыс істейді, бұл желілердегі жүктемені күрт арттырды.

Үндістанның бірнеше штатының билігі жергілікті тұрғындарды үйде болуға шақырып, кейбір мектептер мен басқа да мекемелерді уақытша жапты. Ыстық құрғақшылық туғызып отыр.

Пәкістанның оңтүстік-шығысындағы Синд провинциясында да максималды температура тіркелді. Өткен аптада термометрлер +47°C көрсетті, бұл Солтүстік жарты шарда барлық жылдардағы ең жоғары температура болды.


Түркіменстан астанасында әйелдерге көліктің алдыңғы орындығына отыруға тыйым салынды

Талқылау