Ғалымдар адам қартаюының үш кезеңін анықтады
АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің зерттеушілері адам ағзасының күнделікті қартаюы туралы түсінікті жоққа шығарды. Олар денедегі өзгерістер айтарлықтай білінетін үш жас ерекшелігін атап көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдар 18-95 жас аралығындағы 4263 адамның қан плазмасын зерттеді.
Зерттеушілер шамамен үш мың түрлі ақуыз түрлерін зерттегеннен кейін олардың үлесі ондаған жылдар бойы өзгермеген деген қорытындыға келді. Алайда, 34, 60 және 78 жастағы адамдарда ақуыз деңгейінде айтарлықтай өзгерістер байқалды.
Бұл ауытқулар жалпы ағзадағы өзгерістерге байланысты болуы мүмкін, дейді ғалымдар.
Ақуыздар мен қан құрамы қартаюға қалай әсер ететіні әлі белгісіз. Бірақ тышқандарға жүргізілген тәжірибелер қарттарға жас адамдардан қан құю оң әсер ететінін көрсетті.
Бұған дейін ғалымдар қартаюды тоқтатып, ағзаны нығайтатын дәрі тапқаны туралы хабарланған.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық