Ғалымдар қартаюды тездететін әдеттерді атады
Адамдар сөзсіз қартаяды, бірақ бұл процесті бірқатар әдеттерден бас тарту арқылы баяулатуға болады. Мұндай мәлімдемені Осло университетінің ғалымдары айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар темекі шегу, отырумен өткізетін өмір салты, дұрыс тамақтанбау және алкогольді теріс пайдалану хронобиологиялық жасқа қосымша 12 жыл қосатынын анықтады.
Ғалымдардың пікірінше, бұл құбылыс мінез-құлықтың қартаюы деп аталады.
Сарапшылар 18 жастан 44 жасқа дейінгі 5000 адамның деректерін зерттегеннен кейін осындай қорытынды жасады. Зерттеуге қатысушылардың әл-ауқаты 20 жыл бойы бақыланды.
Көпшілігінде бір немесе екі жағымсыз әдет болды, 314 адам бірден барлық төрт жаман әдеттерге ие болды, 387 адамнан аталған әдеттердің ешбірі байқалмады.
Нәтижесінде, қауіпті әдеттерден бойын аулақ ұстаған топ өкілдері өз жастарынан, сондай-ақ басқа топтардағы адамдардан әлдеқайда жас көрінді.
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін молаға апарып ұрып-соқты деп айыпталды
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан
Әр велосипедтің құны 1,3 миллион теңгеден асады: Астана әкімдігі мұны не үшін алғанын түсіндірді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр