Гүлзира Айдарбекова “екінші келіні көтермей жүр” деп сынағандарға жауап берді

Келіні мен немерелерін жұртқа таныстырғалы Гүлзира Айдарбекованың көңілі тоқ. Ол Қайрат пен Жұлдыздың отбасы үшін алаңдамайды. Есесіне продюсердің ендігі уайымы – екінші келіні. Себебі Айдарбековтер әулетінің табалдырығын былтыр аттаған Әйгерімге “неге көтермей жүрсің?” деген сауал жиі жолданатын көрінеді.

Гүлзира Айдарбекова

Бұл туралы Айдарбекова “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Халықтың бәрі қазір оны “неге көтермейсің” болмаса “мүлдем көтере алмайсың ба?” деп жеп жатыр. Енді түскеніне бір жыл да болған жоқ. Сондықтан олай мазалай беруге болмайды, ұят нәрсе. Алланың қалауымен, өзі беретін күні болады. Жас қой, бәрі де болады. Мүмкін 10 баланың шешесі болар, кім біледі?! Құдайдан күндіз-түні солардың ұрпағы көп болсын деп тілейміз ғой. Бәрі де болады, оған мен сенімдімін”, – дейді Айдарбекова.

Бұдан бөлек, Қайрат Нұртастың анасы келіндерін қалай тәрбиелейтінін айтып берді.

“Келіндеріме айтып отырамын: “Балам, сен мынадай жасаушы болма. біздің үйде атам ұнатпайды, кетіп қалған деген болмайды. Содан кейін бізге ұрыстарыңды көрсетпеңдер! Ұрсатын болсаңдар, жатын бөлмелеріңе барыңдар деймін. Өзіміз де ұрысымызды көрсетпейміз. Отбасынды тыныштық пен сыйластық керек”, – дейді ол.

Айтпақшы, Гүлзира Айдарбекова жақында келіні Жұлдызбен бірге тренингтер өткізсе, таңғалмаңыз. Себебі:

“Көптеген адамдар “сіздер осындай ашсаңыздаршы” деп айтты. Қаншама отбасының берекесі кетіп, келіндері жолын таппай жүргендер бар. Қалай келіні мен енесінің ара-қатынасы жақсы деп таңғалып жатады. Кейде әйелдер келіп суретке түсіп, келіннен не болмаса енеден қиналамыз деп ақыл сұрап жатады. Керек десеңіз, Instagram-ды қарасаңыз да, сондай пікірлер табылады. Бірақ мен ұяламын, сондай бір “ақылшы” болып кеткен сияқты… Мүмкін ол біреулер үшін керек те шығар”, – деп түсіндірді Қайрат Нұртастың анасы.

Тағы оқыңыз: 

Айдана Меденова Корея эстрадасын бағындырмақшы (видео)

180 градусқа: «Самая вышкамен» танылған жігіттердің өмірі күрт өзгеріп кеткен

Тұрсынбек Қабатовтан айнымайтын бойжеткен Алматыдан табылды (фото)

Гүлзира Айдарбекова науқас қыз үшін елден көмек сұрады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр