180 градусқа: «Самая вышкамен» танылған жігіттердің өмірі күрт өзгеріп кеткен

«Самая вышка» бейнебаяны арқылы, жұртқа кеңінен танылған талантты жігіттер Алматыда. Тректері хит болғалы, оралдық өнерпаздар оңтүстік астанаға жиі сапарлатады екен. Бір әнмен танымалдылыққа ие болған жас өрендердің, бүгінде өмірлері күрт өзгерген көрінеді.

Raim мен Artur

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Өнерге құштар өрендерді дүйім жұртқа танытқан Нұртас Адамбай болатын. Режиссердың «Я – жених» комедиясына жазылған саундтрек – дәл осы Райым мен Артурдың авторлық туындысы. Ал, тосыннан танымалдылыққа тап болған жігіттердің, жұмыс кестесінде маусым айының соңына дейін бос орын жоқ!

“Өміріміз 180 градусқа өзгерді деуге болады. Себебі, барлығы біз үшін жаңадан болды. Жаңа нәрселерді көріп, концерттерге шығып, Қазақстанның тіпті бүкіл қаласын аралап шықтық деуге де болады”, – дейді Raim мен Artur.

Райым мен Артурдың репертуарында «Самая вышкадан» өзге 5 трек бар. Қысқа мерзімде жастардың ыстық ықыласына бөленген екі дос, таяуда Бішкек пен Мәскеу қалаларына да барып қайтыпты.

“Мәскеуде «азиатский пати» дейді ғой. Қазақ-қырғыз ағайындар жиналған пати болды. Екі күн болды. Екі күн бойы халық лық толы болды”, – дейді Raim мен Artur.

Райым мен Артур үшін табыс түнгі клубтардан түседі! Сұраныстың көптігінен, серілердің қаламақысы да күн санап өсіп келеді екен. Аздаған уақыт ішінде мыңдаған жүректерді жаулаған жігіттерге жетекшілік етіп, жәрдемдесуге ниетті продюсерлер де көп көрінеді.

“Продюсерлерден әрине ұсыныстар түсіп жатыр. Әзірге продюсермен жұмыс жасау ойымызда жоқ”, – дейді Raim мен Artur.

Қазіргі таңда Райм мен Артур , «БН» тобымен дуэт жазып, ортақ бейнебаянның түсіріліміне кірісіп кеткен. «Лучший» деп алатын клипте қала жастарының клубтағы сауық-сайраны суреттеледі.

Тағы оқыңыз: 

Тұрсынбек Қабатовтан айнымайтын бойжеткен Алматыдан табылды (фото)

Гүлзира Айдарбекова науқас қыз үшін елден көмек сұрады

Көптен бері көрінбей кеткен Бейбіт Қорған жаңа бейнебаянын ұсынды (видео)

Маған ренжімесін: Мейрамбек Бесбаев Әмірені сомдаған Санжар Мәдиевтің қателігін бетіне басты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр