Футболшы Дастан Сәтпаев ресми түрде "Челси" клубының ойыншысы атанды
Футболшы Дастан Сәтпаев мансабын лондондық “Челси” клубында жалғастырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Алматылық “Қайрат” футбол клубының ойыншысы ағылшындық “Челси” командасымен келісімшартқа отырды.
Дастан Сәтпаев 2026 жылы жазда кәмелеттік жасқа толған соң лондондық команда сапына қосылады. Әзірге шабуылшы футболдық мансабын “Қайрат” футбол клубында жалғастырады.
Отандасымыз осы маусымда QJ League ойындарында 28 матчта 26 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. 2024 жыл нәтижесі бойынша лиганың ең үздік ойыншысы атанды. Сәтпаев жасөспірімдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасында 4 ойында 1 гол, 1 пас авторы атанды. Сондай-ақ Қазақстан премьер лигасында алаңға шыққан ең жас ойыншы болды.
Қайраттық шабуылшы – қазір Қазақстан жасөспірімдер құрамасының капитаны. Ол 2023 жылдан бері Қазақстан U17 құрамасында ойнап келеді.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан

