Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фархад Абдраимовтың жаңа фильмінде кейіпкердің пәктігі сатылымға шығарылды

Фильм желісі бойынша Руслан есімді жігіт мектептің ең сұлу оқушы қызына ғашық. Ал онымен кездесуге келген Света жігітке өзінің пәктігі мен үш түнді бірге өткізуді ұсынады. Есесіне оның орнына қомақты қаржы талап етеді. Бойжеткен пәктігін сату арқылы тапқан ақшасына Мәскеуге кетпек екен.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Фархад Абдраимов отандық киноқоржынға тағы бір комедия қосты. Бұл жанрдағы қалыптасқан қағиданы бұзып, басты рөлге кіл кəсіби емес актерларды бекіткен. Есесіне, фильмнің саундтрегін орындаған “Мумий трольге”, Алматыда бейнебаян таспалап беруге қаржысын аянып қалмақ емес.

Фильмнің атына қарап, махаббат хақындағы кезекті қарабайыр комедия деп топшалауыңыз мүмкін. Расында, алып-ұшқан албырт сезім де, оның отына күйіп-жанған кейіпкерлер де некен-саяқ. Есесіне, бір-біріне өмірлік сабақ болар тұзақ құрған жандар жетерлік.

Дегенмен, қатыстырылған актердың бəрі сценарийдегі негізгі ойды көрерменге лайықты жеткізе алды деу қиын.

“Шынымды айтсам басты рөлдегі жігіттің ойыны көңілімді көншіте қоймады. Оның харизмасы жоқ. Неге мұндай актерды  таңдағандары түсініксіз”, – дейді актриса Бибігүл Ақтан.

Расында, картинаға режиссерлік еткен Александр Гольцевке де, бас кейіпкерлерді сомдаған Əлішер Төлтаев пен Марина Королевалар үшін де бұл дебюттік жұмыс.

Комедияның басты рөлімен қатар, продюсерліктің де жүгін қоса арқалаған  Фархад Абдраимов, түсірілім барысында барынша үнемшіл болуға тура келгенін айтады. Себебі, картина бюджеті постпродакшмен қосқанда небəрі 100 мың доллардың айналасында болған.

“Достарымыздың қолдауы мықты болды.  Максим Акбаров, Ерболат Тоғызақов, Роман Альманскийлар тіпті тегін түсті десек болар. Бюджеттің аздығы көп дүниеге қолбайлау болды”, – дейді продюсер Фархад Абдраимов.

Есесіне, түсірілім тобы саундтрек үшін біраз қалтадан қағылмақ.  Себебі, ” Мумий трольдің”  Это по любви” трегін – фильмнің басты музыкасы ретінде таңдап алыпты.

Қарымтасын биыл жазда, топқа Алматыда бейнебаян таспалап берумен қайтарады.

Оқи отырыңыз:

Жан Мұқанов: Тек той әншілері ғана ауылға барады

Отандық жұлдыздар қысқы демалыста қандай оқиғаларға тап болды?

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет қайта табысты (фото)

Шоқан Маратұлы желідегі даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Талқылау