Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық жұлдыздар қысқы демалыста қандай оқиғаларға тап болды?

Биыл шоу-бизнес өкілдерінің қалауы Мальдив аралы, Тай, Египет сынды елдерге түсіпті. Балқып-шалқып өмір сүруді қалайтын жұлдыздар үшін қаңтар мен ақпан айлары той азайған, концерт саябырсып, демалатын мезгіл.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тай еліне жарымен бірге сапарлап барған әнші Ернар Айдар көрген, білген қызықтарын инстаграм парақшасына салып, көпшілікпен бөлісіп отырды. Соның ішінде Ернардың алып денелі пілдің тұмсығының астына жатқан сәті тыңдарманын біраз алаңдатқан сыңайлы.

Дегенмен, Ернар осы оқиғадан кейін пілді ұнатып қалыпты. Хош делік. Белгілі продюсер Баян Алакөзова қыстың қытымыр аязын Тай елінің шуақты күндеріне алмастырды. Демалысқа жалғыз өзі бармады. Жары Тұрсын Алакөзовпен қызы Айарумен бірге Паттайяға сапар шекті.

Продюсер қызыққа толы сәттерін әлеуметтік желі арқылы көпшілікпен бөлісіп отырды. Тіпті, Баян өмірінде мініп көрмеген мотоцикл көлігіне отырып қаланы аралады.

Ал, Аша Матай отбасымен бірге Мысырда серуендеп жүр. Сол елдің салт-дәстүрімен танысып қана қоймай, ең танымал базарын табаны таусылғанша аралаған.

Әнші Бүркіт демалыс кезінде өзін мазалайтын барлық ойынан арылғысы келеді екен. Сол үшін кейде жападан-жалғыз теңіз жағасында отыру да қажет екен дейді. Кім білсін, бәлкім сынға ұшыраған соңғы киносының әсері шығар. Әнші екі баласы және жары Аишамен бірге Тайландттың Пхукет аралында күнге қыздырынып, суға шомылып жүр.

Оқи отырыңыз:

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет қайта табысты (фото)

Шоқан Маратұлы желідегі даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Байзақова: Өзімнің әйел екенімді сезінгім келеді

Әйелімен ойнаған Қайрат Нұртас желіде қызу талқыға түсті (видео)

Талқылау