Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет қайта табысты (фото)

Ажырастық деп жар салған Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет қайта табысты. Ақботаның кешірімін алған Айдарқұлов көз созбай қуанышты хабарды желідегі оқырмандарына жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz. 

“Біздің супер қарындасымыз Даянаны туған күнімен құттықтадық. Сүйіктіммен және ақылды қызбен бірге”, – деп бөлісті Дәурен.

Инста-оқырмандар бұл жаңалықты әртүрлі қабылдады. Олардың бір тобы Дәурен мен Ақбота үшін қуанып, екі жасқа махаббат тілесе, екіншілері қателігінен сабақ алмаған Ақботаны сынап жатты.

“Ақбота, мүмкін менің кеңесімді елемейтін шығарсыз. Бірақ бір кездері сатып кеткен және қазіргі уақытта сіздің танымалдығыңыздан пайда тапқысы келетін азаматпен қайта табысу қателік. Одан опа таппайсыз. Сіз жақсылыққа лайықсыз. Жалғандықтан арылсаңыз, міндетті түрде жақсылыққа жетесіз”, – деп кеңесін берді оқырманның бірі.

Жіберіп алмаңыз:

Шоқан Маратұлы желідегі даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Байзақова: Өзімнің әйел екенімді сезінгім келеді

Әйелімен ойнаған Қайрат Нұртас желіде қызу талқыға түсті (видео)

Нұрлан Еспановтың ұлы мен Лидия Каденнің экс-келіні көңіл қосқан ба? (видео)

Талқылау