Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жан Мұқанов: Тек той әншілері ғана ауылға барады

Әнші Төреғали Төреәлінің бұрынғы продюсері Жан Мұқанов өздерін «фирмалық әнші» санайтын жұлдыздарға қатысты ащы шындықты айтты. Оның сөзінше, той әншілері көп еңбектеніп, ақшаны да молынан табады екен. Оған себеп кәсіби әншілердің аз ізденуі болса керек, деп хабарлайды Stan.kz.

Белгілі проюсер Жан Мұқанов Telegram желісіндегі арнасында отандық әншілерге қатысты бар шындықты айтты. Бұл ретте ол өздерін кәсіби әнші санайтын жұлдыздарды сынап тастады.

«Тек той әншілері ғана қыруар ақша табады дейді. Ол рас. Ал «фирмалық әншілер» оларды «екінші сұрыпты» әртіс ретінде санайды. Алайда олар да көп еңбек етеді. Шалғайдағы ауылдарға барып, тегін концерт береді. Мұның бәрі өзін таныту үшін. Есесіне көп ақша табу мүмкіндігіне ие болады. Сіз өздерін «фирмалық әртіс» санайтын әншілердің ауылдарға барып, концерт өткізгенін көріп пе едіңіз? Жоқ. Тек той әншілері ғана ауылдарға барады.

Шағымдана бергенше, той әнін фирмалық стильде айтып көру керек шығар? Егер «фирмалық «әншілер» жанаталаса еңбектеніп, өз стилін іздеп, арықтап, күтініп, желідегі парақшасын дұрыс жүргізіп, өңірлерде концерт беріп, өз хитін тапса, бәрі жақсы болар еді. Мен Айқын, Ділназ, Мақпал, Әли, Жанар, Айдана сынды «фирмалық әншілердің» жақсы жұмыс істейтінін білемін. Тойда да, барлық жерде де жақсы жұмыс істейді», – дейді Жан Мұқанов.

Сондай-ақ, продюсер той әнін жаздырған әнші кез-келген тойда қуана өнер көрсететінін алға тартты.

«Және шындықты жасырмайық, егер сізде кез-келген тойда хит бола алатын ән болса, сіз барлық тойларға қуана барып, ақша табар едіңіз. Осылай. Реніш болмасын. Бұл бір ел, бір музыка, бір алаң. Өз әріптестеріңізді сыйлай бастасаңыз, өзгелері де сізді сыйлай бастайды», – дейді продюсер.

Сонымен қатар продюсер Димаш Құдайбергенді елінің нағыщ мақтанышы санайтынын айтты.

«Ал әнді жақсы айтатындардың басын қосып, түрлі халықаралық алаңдарда өнер көрсету туралы оймен келісемін. Бұл жаңа деңгейді бағындыруға көмектесетін керемет ой. Өз кезіндегі Димаш сияқты. Келді, көрді, жеңді. Ал қазір ол – елінің шынайы мақтанышы. Ешкімді ренжіткім келген жоқ», – дейді Жан Мұқанов.

Оқи отырыңыз:

Отандық жұлдыздар қысқы демалыста қандай оқиғаларға тап болды?

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет қайта табысты (фото)

Шоқан Маратұлы желідегі даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Байзақова: Өзімнің әйел екенімді сезінгім келеді

Талқылау