Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еxit poll нәтижелері жарияланды: Парламент мәжілісіне үш партия жолдама алды

ҚР Парламенті мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда "Nur Otan" партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын иеленгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сайлау

Бұл туралы "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова мәлім етті. 

"Қоғамдық пікір институты 10 қаңтар күні сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама - Еxit poll жүргізді. Институттың интерверлері 600 сайлау учаскесінде сауалнама өткізді. Оның ішінде - 316-сы қалада, 284-і ауылда. Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын, барлық облыс орталықтарын, аудандық маңызы бар қалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекендерді қамтыды. Күні бойы сауалнаманының 4 толқыны өткізілді. Нәтижесінде 24 мың сайлаушыға сауалнама жүргізілді. Сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында. Сауалнама жүргізу жұмысына 600-ден астам интервер атсалысты", - деді Айнұр Мәжитова. 

Бұған қоса, ол партиялар жеке-жеке қанша пайыз дауыс жинағанына тоқталды. 

"Респонденттердің 5,75 пайызы "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясына, 71,97 пайызы "Nur Otan" партиясына, 3,07 пайызы "ADAL" саяси партиясына, 10,18 пайызы Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясына, 9,03 пайызы "Қазақстанның Халық партиясына" дауыс берген", - деп қосты ол.

Осылайша "Nur Otan", "Ақ жол" және "Қазақстанның Халық партиясы" Парламент мәжілісіне жолдама алды.

Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 %-ы алды. 

Талқылау