AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еуропа, қазақ киносын күт": Баян Алагөзованың фильмі Францияда көрсетіледі

Баян Алагөзованың "Бақыт" атты фильмі Францияда көрсетілетін болды. Авторлық фильмдердің прокатымен айналысатын Францияның AXOON компаниясы қазақстандық фильмді көрсету құқығын сатып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қуанышты хабарды Баян Мақсатқызының өзі жеткізді. 

Француз компаниясы үш фильмді көрсету құқығын сатып алған. Олардың бірі - Баян Алагөзованың "Бақыт" картинасы. 

"Фильмді шығарушыларды шын жүректен құттықтаймыз. Еуропа, қазақстандық киноны күт", - деп жазылған КешYou тобының ресми парақшасында.



Фильмге Асқар Ұзабаев режиссерлік еткен. Продюсер 2020 жылы аталған фильмді түсіру үшін краудфандинг (авт.ерікті түрде ақша жинау) жариялаған еді. Бұған дейін Баян Мақсатқызы аталған фильмнің Берлин кинофестиваліне қабылданғанын хабарлаған еді.

Айта кетейік, Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын 2016 жылдан бері көтеріп келеді. Сол жылы продюсер экс-күйеуі Бақытбек Есентаевтың соққысына жығылған болатын. Әйеліне пышақ жарақатын салған Есентаев соттың шешемімен 9 жылға сотталған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр