Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кемпірдің рөлін сомдаған Жұлдыз Әбдукәрімова жұртты күлдірді 

Жұлдыз Әбдукәрімова "Түнгі хабар" бағдарламасында кемпірдің рөлін сомдап, елді күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жуырда шыққан хабарға актриса қонақ болып келді. Онда Жұлдызға импровизация жасап, егде жастағы әйелдің рөлін сомдау ұсынылды. Мадияр Серікбаев, Жанболат Найзабеков пен Нұрболхан Шарапов Жұлдызға сахналық серік болды. Олар барлығы бірігіп, көршілердің рөлін сомдады. 

Аяқ астынан ұсынылған рөл болғандықтан, Жұлдыз күліп қоя берді. Әйткенмен көрермендер Әбдукәрімованың талантына таңдай қағып, актерлік қабілетін жоғары бағалады. 



"Жан-жақты, нағыз өнер иесі. Талант! Керемет!", "Жұлдыз өте жақсы ойнады. Қарапайым, өте жақсы адам екен", "Жұлдыз күшті ойнайды", "Бір күліп алдым", "Жұлдыз импровизацияға жоқ екен", –  деп жазды көрермендер. Ал Жұлдыздың өзі: 

"Мынадай майталмандармен импровизация жасау оңай емес, өзім де күліп қоя бердім", –  деп пікір білдірді. 

Талқылау