ЕУРО-2024: Англия құрамасы финалға шықты
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалына шыққан екінші команда белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gettyimages.ru/
Еуропа чемпионатының жартылай финал аясында Англия мен Нидерланды құрамасы жолығып, финалдың жолдамасын сарапқа салды. Ойынның 7-минутында Нидерланды құрамасы жылдам гол соғып, есепте алға шықты. Хави Симонс нидерландықтарды алға шығарғанымен, 18-минутта Харри Кейн пеанльтиден есепті теңестірді. Екінші таймның соңына қарай, 90+1-минутта Олли Уоткинс жеңіс голын соғып, Англия құрамасының финалға шығуына көмектесті. Олар осыдан төрт жыл бұрын Еуропа чемпионатының финалында Италиядан ұтылып қалған еді.
Айта кетейік, Англия құрамасы Еуропа чемпионатының финалында Францияны ұтқан Испания құрамасына қарсы ойнайды. Финалдық матч 14 шілде күні өтеді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді

