Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескерту: Астананың кейбір көшелері уақытша электр қуатынан ажыратылады

4 қаңтарда Астананың бірқатар көшелерінің бойындағы үйлерде электр қуаты өшіріледі. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Атап айтқанда,  Көктал-2 кенті, Ұлытау, Қызбел, Жарқайын, Бостандық, Амантоғай, Маятас, Орғай мен Шантөбе көшелерінде сағат 10:00 мен 13:00 аралығында электр энергиясын сөндіру жоспарланған. Себебі «Астана-РЭК» АҚ жаңа қондырғыны іске қосады.

Бұдан бөлек, Пушкин көшесі бойында орналасқан 2, 2/1, 4, 6 мен 6/1 үйлерінде тоғыз сағат бойы (09:00-18:00) жарық болмайды. Ол жерде трансформаторлық қослқы станцияны жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Тағы оқыңыз:

Депутат автокөлік нөміріне иесінің атын жазуға рұқсат беруді ұсынды

Алматыда екі адам Жаңа жылдық отшашудың кесірінен көздерінен айырыла жаздады

Сот жігітті тәрбиелеп, оқытқаны үшін анасына 1 млн доллар төлеуін міндеттеді

11 жасында далада қалған алматылық қалай табысты кәсіпкерге айналды

Биыл еліміздің он екі аймағында коммуналдық қызмет бағасы өседі

Талқылау