Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешкім шетте қала алмайды": Лукашенко Тасмағамбетовке Украина мен Ресей арасындағы соғыс туралы айтты

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер Украина мен Ресей арасындағы жанжалдан шетте қала алмайды, деп есептейді Беларусь президенті Александр Лукашенко. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Беларусь президентінің ойынша, белгілі бір ұстанымды қабылдайтын уақыт келеді.

"Егер кімде-кім Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс біздің қақтығыс емес, бұған біз араласпаймыз деп ойласа, ол ойынан ешнәрсе шықпайды. Белгілі бір ұстанымды қабылдайтын уақыт келеді. Мен ұлттық мүддеге немесе т.б. зиян келеді деп айтып отырған жоқпын. Бірақ біздің барлық кемшіліктерімізбен бірге әрекет ету үшін біз өз саясатымызды, бағытымызды нақты анықтауымыз керек. Біз бірге болсақ, барлығы оңай әрі ұтымдырақ болады", – деген Лукашенко дүйсенбі күні ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесуінде.



Беларусь президентінің баспасөз қызметі келтіргендей, Лукашенконың сөзінше, ұйымды соғысқа араластыру үшін "себептер қазірдің өзінде жеткілікті".

"Мен сіздің тәжірибеңіз туралы бекер айтып отырғаным жоқ. Сіздің есте сақтау қабілетіңіз тамаша. Сіз Кавказды да, Орталық Азияны да жақсы білесіз. Біздің мәселеміз сол жақта. Осы қиын-қыстау кезеңде оларды шешуге және мүмкіндігінше ҰҚШҰ-ны біріктіруге тырысайық. Айналаңызда не болып жатқанын онсыз да көріп отырсыз ғой",  – деген Александр Лукашенко.

Талқылау