"Ешкім көмектесе алмады ма?": Арман Дүйсенов туралы айтқан Жұлдызай Дүйсенбиева жылап қалды
Жұлдызай Дүйсенбиева Асхат Садырбайға берген сұхбатында белгілі композитор Арман Дүйсеновпен қоштаса алмағанын айтып, көзіне жас алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Актрисаның айтуынша, атақты сазгердің қазасы өзіне ауыр тиген.
“Аға өте ерте кетіп қалды, қоштасып үлгермей қалдық. Денесін шығармай тұрып менен “Қоштасасың ба?” деп сұрағандар болды. Менің батылым жетпеді. Көз алдымда қалып қойып, кейін қиналып қаламын ба деп ойладым, сөйтіп кірмедім. Қатты жыладым, себебі “аға стерссте болыпты, қиналыпты” деген әңгімелерді естідім. “Ешкім көмектесе алмады ма?” деп ойладым. Ол кісінің қанша адамға жақсылығы өтті, өнерде жүрген көптеген жігіттерге көмектесті, қанша адамды жарыққа алып шықты?! Солардың ішінде ағаға көмектесетін бір адамның табылмағаны ма?” деген ойға келдім. Аға туралы естіген кезде маған қатты ауыр тиді”, – дейді Жұлдызай көз жасына ерік беріп.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген