Ертуған Зейнуллинов кәсіпқой бокстағы дебютінде жеңіске жетті
Олимпиадаға жолдама ала алмаған Ертуған Зейнуллинов кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ертуған Зейнуллинов Has Pro Boxing промоутерлік компаниясы өткізген кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті. Париж олимпиадасына жолдама ала алмаған отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін үндістандық спортшы Банти Сингқа (8-2, 2KO) қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша Ертуған кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастады.
Айта кетейік, Ертуған Зейнуллинов Азия ойындарында өнер көрсетіп, Париж олимпиадасына жолдама иелене алмаған еді. Содан кейін Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирге қатысып, жеңіліп қалды.
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"