Шымкентте ертең "Qamqor" бағдарламасына өтінімдерді қабылдау басталады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен "Қамқор" бағдарламасы ертең жүзеге асады. Өтінімдерді қабылдау ертең 15 тамыз сағат 11:00 (Астана уақыты бойынша) otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында басталады.

Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.
Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеден өткізу балдық жүйе арқылы есептеледі.
"Qamqor" бағдарламасының артықшылықтары:
- 20 000 000 теңгеге дейінгі заем.
- Бірегей пайыздық мөлшерлеме -5%* (ЖТСМ-5,2%) – артық төлемсіз оңай бастау.
- 10% бастапқы жарна
- Несие мерзімі 25 жылға дейін.
Бағдарламаға қалай және кім қатыса алады ?
- 63 жасқа дейін азаматтар(ша)
- Соңғы 5 жылдағы жылжымайтын мүліктің жоқтығы
- Шымкент қаласында кемінде 3 жыл тұрақты
- Қаланың түрлі салаларындағы еңбек қызметі-журналистер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт, энергетика және тағы басқалар!
Қатысушыларды іріктеу қалай өтеді?
Сіздің қатысуыңыз ұпай жүйесі бойынша бағаланады:
- 35 жасқа дейінгі жастарға -5 ұпайы.
- Жұмыс өтіліне– 5 ұпайдан бастаңыз, жыл сайын – жаңа балл!
- Отбасылық жағдайы-некеде 5 балл, жыл сайын қосымша 2 балл.
- 18 жасқа дейінгі балалар-сіздің әр балаңыз 1-2 ұпай қосады.
- ЖАО кезекте тұрушы болсаңыз -сізге 10 ұпай беріледі.
- Банк салымшысы болсаңыз - сіздің қаржылық жауапкершілігіңіз үшін 2 балл.
- Шымкентте тіркелу - 5 балл болып есептеледі!
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"