Ерке Есмахан өз аты-жөнін білдіретін көлік нөмірін көрсетіп мақтанды
Ерке Есмахан өз аты-жөнінің инициалдарын білдіретін көлік нөмірін көрсетіп мақтанды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жанар Дұғалова қайда жүргенін жасырса, Ерке күн сайын желідегі оқырмандарымен тілдесіп, оларға кішігірім “есеп” беріп отырады. Бұл жолы Қызылорда өңіріне жол тартып бара жатқанын жазған әнші елдің сынына ұшырады. Көпшілікке Еркенің сөздерді қолдану реті мен лексикасы ұнамай қалған.
“Мяяя, өзінше дид. Қазақпыз ғо. Между нами тает ылёёёт. Бипән точно. Қызылорда”, – деп жазған болатын Ерке.
Бұдан өзге, желідегілер Еркенің Lexus маркалы автокөлігінің ерекше нөмірін байқап қалды. Көпшілік нөмірдегі “EES” – Ерке Есмахан дегенді білдіреді деп топшылады.
Фолловерлердің арасында “Ерке әріптесі Төреғалиден қайталаған” деп сынағандар да табылды. Желідегілердің айтуынша, Төреғалидің де “TTT” деген көлік нөмірі бар.
“Мяя-пяя деген не сөздер, дұрыстап қазақ тілін былғамай жазсаң болмай ма”, “Ерке көліктің сериясын тапсырыспен алдың ба?”, “Ренішсіз, бірақ осы келіншектің посттары біртүрлі, əлде мен ғана солай ойлаймын ба”, “Төреғалиде де ТТТ деген номер бар еді”, “Тек өзіншелер осындай номермен көлік жүргізетін шығар. Төреде осындай фотосы бар, енді сіз”, – деп пікір білдірді желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Серікбол Сайлаубек: Төрт әйел аламын, сол да сөз боп па?
5500 теңгеден бастап: Құралай Нұрқаділова арзан киімдер сата бастады
Ерке Есмахан не себепті әндерінің “хит” боп кететінін түсіндірді
Марқұм әпкесін еске алған Роза Әлқожа тыңдармандарын жылатты (видео)