Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм әпкесін еске алған Роза Әлқожа тыңдармандарын жылатты (видео)

Өзгелер шетел асып жүргенде, әнші Роза Әлқожа жазғы демалыста туған ауылына, төркініне барып қайтуды жөн көріпті.

20478615_1442681145839886_1234442947412361216_n

Бұл туралы Розаның өзі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бірнеше күн бұрын Роза Әлқожа сіңлісі Зухраны ұзатты. Бұл күні әнші ұзатылар қыздарға арнап жаздырған “Қызыма өсиет” әнінің тұсауын кесті.

Қыз ұзатуға, қызыма арнаған жаңа əнім!

Публикация от РОЗА ƏЛҚОЖА (@roza_alkozha01)

Араға бір күн салып Әлқожа әпке-жездесінің тойында жүргенін айтып, қуанышымен бөлісті.

Ал бүгін әнші ұл тапқан келінін перзентханадан шығарғандарын айтып, сүйінші сұрады. Дүниеге келген сәби Роза Әлқожаның марқұм болған әпкесінің немересі екен.

“Өмір – сəттерден тұрады! Осыдан үш жыл бұрын Ханбибі деген əпкем өтті өмірден… Сол жаным апамды сағынып, жаным құлазып кетеді кейде! Төркінге барған сапарда сол əпкем мен жездемнің ұлы ұлды болып жатыр екен. Қуанышты бөлісуге Алла нəсіп еткеніне шүкір!” – деп жазған Әлқожа әпкесінің немересін көргенде көңілінің босап кеткенін жасырмады.

Жіберіп алмаңыз:

Сүйіктім шебер аспаз: Карина Абдуллина тағы да желіні шулатты

Серік Жанболат: Баян Мақсатқызы – мен үшін ғылым докторы

Анталияда жүрген Аша Матай жұртты мінсіз мүсінімен қызықтырды

Інісімен қосылып күй шерткен Димаш жұртты сүйсіндірді (видео)

Талқылау