«Эрис» штаммы: Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі тарап жатыр
Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрлігі "Эрис" деп аталатын COVID-19 жаңа түрінің таралып жатқанын мәлімдеді. Короновирустың жаңа штаммы Ұлыбританияда жылдам қарқынмен таралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

The Independent хабарлағандай, бұл бұрыннан белгілі "омикронның" қосалқы нұсқасы. Қазіргі уақытта "Эрис" коронавирустың бұрын табылған барлық нұсқалары арасында таралу жылдамдығы бойынша екінші орында тұр.
Дәрігерлердің айтуынша, жаңа штамм елдегі барлық COVID-19 инфекциясы жағдайларының шамамен 15 пайызын құрайды.
Сарапшылардың пікірінше, жаңа штамм әдеттен тыс белгілерді тудырмайды. Одан қорғану үшін дер кезінде вакцинация алып, гигиеналық шараларды сақтау маңызды екенін айтты.
Айта кетейік осыған ұқсас жағдай Үндістанның Махараштра штатында да орын алған. Онда биыл мамыр айының басында вирустың жаңа түрі табылған.
"Болашақ ойындары – 2026": Ауқымды сайыста Қазақстан намысын кімдер қорғайды
Сайыстың басталуына да санаулы күн қалды, ал ел намысын 5 команда қорғамақ
Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады
Бүгінде нарықтағы бірқатар компаниялар туған күніне орай нақты бонустар есептейді