Ер адам жасөспірімдерге онлайн зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 17 жылға сотталды
Австралиялық ер адам желіде жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 17 жылға сотталды. Ер адам жасөспірімдермен танысу үшін өзін YouTube жұлдызы ретінде көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ВВС
Сотталған 29 жастағы Мұхаммед Рашид есімді азамат. Ол өзін 15 жастағы YouTube блогері ретінде таныстырып, желі арқылы әйелдер мен жасөспірім қыздармен танысып, олармен жыныстық қатынас туралы сөйлесе бастаған.
Одан кейін Рашид әңгімелесушілерінің интимдік хабарламалары мен фотоларын жақындарына жіберемін деп қорқытқан. Және оларды камера алдында сексуалдық сипаттағы қорлау әрекеттерін жасауға мәжбүрлеген. 11 айда 20 елден 286 адам Рашидтің құрбаны болған. Олардың үштен екісі – 16 жасқа толмағандар.
Рашидтің ісін қараған судья Аманда Берроуз мұны Австралияда бұрын-соңды болмаған жағдай деп атады.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатта бүкіл шығын жазылған
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"