Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам казинода 4 миллион доллар ұтып алып, сол жерде көз жұмды (видео)

Сингапурда ойыншы Marina Bay Sands казиносында төрт миллион сингапурлық доллар (258 миллион рубль дерлік) джекпот ұтып алып, көпшіліктің көзінше құлап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі International Business Times сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Видеоны оқиғы куәгерлерінің бірі желіде жариялады. Кадрларда казино қызметкерлерінің карта ойыны үстелінің жанында еденде жатқан адамға қалай көмектесуге тырысқаны көрсетілген. Осы кезде жақын жерде әйел айғайлап, көмек беруді сұраған.

Келуші төрт миллион доллар ұтып алып, кейін қуаныштан жүрегі тоқтап қалғаны белгілі болды. Осы сәтте казино қызметкерлері мен басқа ойыншылар оны құттықтауға жиналып үлгерген. Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамды тірілте алмаған.



Фото: ibtimes.sg

Еске салайық, Америка тұрғыны әпкесінің түсінен кейін лотереядан 837 мың доллар ұтып алғанын жазған едік.  Солтүстік Каролина штатының тұрғыны Дэвид Этвелл үйінің жанындағы дүкеннен лотерея билетін сатып алған. Ол барлық 5 санды да тауып, джекпот жеңіп алған. Этвеллдің сөзінше, әпкесі түсінде оның алтын тауып алғанын айтыпты.

Талқылау