Америкалық боксшы Райан Гарсия өзінің жеңісіне екі миллион доллар тігіп, джекпот ұтып алды
Америкалық боксшы Райан Гарсия (25-1, 20 КО) отандасы Девин Хэйнимен (31-1, 15 КО) бірінші жартылай орта салмақтағы WBC әлем чемпионы атағына талас кезінде өзінің жеңісіне бәс тіккенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото ©instagram.com/goldenboy/
Олардың жекпе-жегі 21 сәуірге қараған түні Бруклинде (Нью-Йорк, АҚШ) өтті. Гарсия Хэйниді үш рет нокдаунға жіберді және төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал Девин Хэйни үшін бұл мансабындағы алғашқы жеңіліс болды.
Әлеуметтік желілерде Райан Хэйниге қарсы жекпе-жекте өзінің жеңісіне екі миллион доллар тіккенін мәлімдеді. Нәтижесінде ол 12 миллион доллар ұтыс иеленді.
Жекпе-жек қарсаңында салмағы сай болмағандықтан Гарсия чемпион болған жоқ. Сол себепті Хэйни чемпиондық атағын сақтап қалды. Алайда жекпе-жектен кейін Райан дивизияны ауыстыруды қарастырып жатқанын жеткізді.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған

