Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ендігі қазақстандықтар Польшада тегін білім ала алады

Польша Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім гранттарын ұсынды, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ына сілтеме жасап Stan.kz.

Польша Үкіметі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі менПольша Республикасының Үкіметі арасындағы 2016 жылғы 3 маусымдағы № 328 Келісім шеңберінде поляк тілін біржыл оқуды ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына бакалавриат (3 орын), магистратура (4 орын) және докторантура (4 орын) бағдарламалары бойынша гранттарды ұсынуда.

Келісім бойынша тегін оқу, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұру мүмкіндігі (шамамен 80 — 150 еуро), докторантура бағдарламасы студенттеріне арналған шәкіртақы (шамамен 300 еуро) ұсынылады.

Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімін мына сілтеме арқылы біле аласыздар.

Оқи отырыңыз:

Астанада құбыр жарылып Момышұлы даңғылын су басты

СҚО-да атышулы мектеп директоры үшінші рет қызметінен босатылды

Алматы облысында мас күйінде көлік айдаған азамат тоғыз жылға жүргізуші құқығынан айырылды

Алматы облысында су тасу қаупі бар

Талқылау