Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада құбыр жарылып Момышұлы даңғылын су басты

 Астанада құбыр жарылып Бауыржан Момышұлы даңғылын су басты. Бұл туралы «Астана – Не? Қайда? Қашан?» атты тобы хабарлады деп, жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сурет: evgenykz

«Көктем келді! Астанадағы Бауыржан Момышұлы даңғылы енді Момышұлы каналына айналды», – деп жазды Еран Сәкенов өзінің Фейсбуктегі «Астана – Не? Қайда? Қашан?» атты тобында.

Ал бұл хабарламаға 109 қызметінің кеңес беруші-операторы аталған көшеде су құбыры жарылғанын жазып пікір қалдырған.

«8 наурыз күні Момышұлы-Абылайхан даңғылдарының қиылысына жақын жерде су құбыры жарылды. Соның салдарынан Ерқосай, Ертарғын, Арқайым,  Бозторғай сынды бірқатар көшелердегі жер үй сусыз қалды. Оқиға орнында «Астана Су арнасы» МКК тобы жұмыс істеуде», – деп хабарлады 109 қызметі.

Жіберіп алмаңыз:

СҚО-да атышулы мектеп директоры үшінші рет қызметінен босатылды

Алматы облысында мас күйінде көлік айдаған азамат тоғыз жылға жүргізуші құқығынан айырылды

Алматы облысында су тасу қаупі бар

Тікұшақты тізгіндеген қазақ қызы қайсарлығымен көпшілікті тәнті етті

Талқылау