Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да атышулы мектеп директоры үшінші рет қызметінен босатылды

СҚО-да мектеп директоры Асқар Хамзин қарамағындағыларды жұмысқа салғаны үшін екі рет басы дауға қалған еді. Алғашқыда директор оқушыларды бақшасын қопарып, қар тазалауға мәжбүрлесе, келесі жолы Хамзиннің кінәсінен бір адам көз жұмған. Алайда ер адам ештеңеге қарамастан директор қызметіне қайта келіпті.

Бұл туралы Петропавловск News сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұл жолы ер адам қайтадан мектеп директоры қызметіне келген. Сонымен қатар тексерістен еш қиындықсыз өтіп, директор қызметіне тағайындалыпты.

СҚО мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықпен күрес жөніндегі департамент басқарушысы Ғалым Тұрсынбаев аталған құқықбұзушылықты анықтауға көмектескен.

Сонымен қатар, Тұрсынбаев Хамзиннің мектеп директоры қызметіне келуіне жол берген тұлғаларға, атап айтқанда, Айыртау ауданының  білім басқармасының басшысы мен әкімдік аппаратының әдеп жөніндегі уәкіліне сенбейтінін жасырмады.

Заңсыз әрекеті әшкереленген мектеп директоры қызметінен босатылды. Ал оның мұндай қызметке келуіне жол бергендер сот органдары арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Оқи отырыңыз:

Бағым Мұхитденова: Күйеуіме мен емес, құрбым ұнап қалған сияқты

Сәбиімен бірге жартылай жалаңаш суретке түскен отандық актриса жұртты ашуландырды (фото)

Төреғали Төреәлі: Өмірімнің өрнегі болған асыл жарымды өзге көзден қызғанамын

Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованы картопқа, «Лашын» тобындағы қыздарды бұзылған салатқа теңеді

Талқылау