Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мас күйінде көлік айдаған азамат тоғыз жылға жүргізуші құқығынан айырылды

Бірнеше рет ішімдік ішіп көлік жүргізген және жол-көлік апатына себепші болған  Алматы облысынның тұрғыны тоғыз жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Бұл туралы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Еңбекшіқазақ аудандық соты ҚР әкімшілік заңнамасының 608-бабының 3-бөлігі (көлікті  мас күйінде басқарған), 611-баптың 2-бөлімі (жол-көлік апаты болған жерден қашып кеткен) және 613-баптың  4-бөлімі (полиция қызметкерінің талаптарын орындамау) бойынша 47 жастағы азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

31 қаңтарда Алматы-Көкпек-Көктал автожолында Газ-33025 автокөлігін басқарған ауыл тұрғыны Audi 80 автокөлігімен соқтығысып, кінәлі деп танылған.

«Көлік жүргізуші жол-көлік оқиғасы орын алған жерден қашып кеткен. Бірақ іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсіп, тіркеуге алынған. Жауапкершіліктен бас тартуға тырысқан құқық бұзушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамай, медициналық тексеруден бас тартқан», – деп хабарлады облыстық полиция қызметкерлері.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудандық соттың қаулысы құқық бұзушыны кінәлі деп танып, оған тоғыз жыл мерзімге дейін көлік басқаруға тыйым салған.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында су тасу қаупі бар

Тікұшақты тізгіндеген қазақ қызы қайсарлығымен көпшілікті тәнті етті

Бір күнде қашқын атанған Тоқмәди қателік жібергенін мойындады (видео)

Алматы прокуратурасы бірнеше жігіт зорлаған 15 жастағы қыздың ісін қолға алды

Талқылау