Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы прокуратурасы бірнеше жігіт зорлаған 15 жастағы қыздың ісін қолға алды

Алматы прокуратурасы жоғалып кетіп, артынан бірнеше жігіт зорлаған 15 жастағы оқушының анасы  шағымына жауап берді.

Бұған дейін әйел полиция қызметкерлері қызының жоғалғанын кезінде әрекетсіздік танытқанын, сонымен қатар қыздың зорлануына қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын айтып ашынған еді, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: Алматы арнасынан скриншот

Ведомствода хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР ҚК 120- бабы 3-бөлігі (Зорлау) және 126-бабы 2-бөлігіне (Бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

Істің тергелуін прокуратура жіті бақылауына алады. Сондай-ақ, аталған істе жәбірленушінің жасына байланысты процессуалды прокурор мен психолог тағайындалады. Олар зардап шеккен қыз және оның ата-анасымен бірге тиісті тергеу әрекеттерін жүргізеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыда 15 жастағы қыз жоғалып кеткен еді. Қыздың ағасы қарындасымен желіде сөйлескен жігіттің онымен 3 сағатқа пәтер жалдағанын айтты. Ал 6 нарузыда қыз табылып, артынша үш жігіттің өзін зорлағаны туралы сұмдық жайдың бетін ашты. Алайда оқушының  анасы аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалмалмағанын айтып, көпшіліктен көмек сұрады.

Оқи отырыңыз:

Жас келіннің үйге терезеден кірген видеосы жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

«Жабыспа!»: Асаба тойда бойжеткенге тым жақын келіп билеген жігітті қуып жіберді (видео)

Төреғали Төреәлі: Өмірімнің өрнегі болған асыл жарымды өзге көзден қызғанамын

Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованы картопқа, «Лашын» тобындағы қыздарды бұзылған салатқа теңеді

Талқылау