Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас келіннің үйге терезеден кірген видеосы жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

Желіде жаңа түскен келіннің үйге терезеден кірген видеосы тарап кетті. Видеодағы көрініске ашуланған желі қолданушылары өңірдегі дәстүрді сынап тастады, деп жазады Stan.kz.

Instagram желісінде жас келіннің үйге терезеден кірген кезінің видеосы пайда болды.

Видео кадрларынан байқалғандай, екі жеңгесі мен қуанышқа жиналған көпшілік жас келінді терезеден үйге кіргізіп жатыр.

Еліміздің кей өңірлерінде, әсіресе Батыс Қазақстанда кездесетін бұл дәстүр бір үйдің ерлері қатар үйленгенде орын алады. Жасы үлкенінің қалыңдығы ақ босағаны аттап, үйге есіктен кіреді. Ал кішісінің қалыңдығын үйге терезеден кіргізеді.

 

Өз кезегінде мұндай дәстүр желі қолданушыларының қызу талқысына түсіп, тіпті, кейбірі дауласып қалды. «Мұндай дәстүр Ақтауда бар. Үйге екі келін түссе осылай кіргізеді. Біреуі есіктен, екіншісі терезеден кіреді», «Шығармайтындары жоқ. Қайдан шыққан салт бұл? Сұмдық», «Мынандай дәстүрді естімеппін. Бір үйден екі өлік шықса осылай жасайды. Дұрыс емес», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Оқи отырыңыз:

«Жабыспа!»: Асаба тойда бойжеткенге тым жақын келіп билеген жігітті қуып жіберді (видео)

Төреғали Төреәлі: Өмірімнің өрнегі болған асыл жарымды өзге көзден қызғанамын

Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованы картопқа, «Лашын» тобындағы қыздарды бұзылған салатқа теңеді

Баян Мақсатқызы: Ер адамды әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек

Талқылау