Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер табылған қыздың үйіне қайтысы келмейтінін айтқанымен, жақындары оны қорқытып қойғанына сенімді

Алматыда 12 күннен бері іздестіріліп жатқан 15 жастағы қыз табылды. Алтын орда базарының маңында жүргені жасөспірім өз туғандарына емес, жоғалған күні кезедсуге шақырған Назим деген жігітке хабарласыпты. Айгерімнің ағаларын да күдектендіріп отырған осы. Өйткені қолында телефоны жоқ қарындасы анасына емес, бөтен азаматқа қалай қоңырау шалады дейді.

Бұл туралы Еуразия арнасы хабарлайды.

Бірақ полицейлердің бұған қарсы өз уәді бар. Қыз үйіне мүлдем қайтқысы келмей, өз құрбыларымен бірге жүрген көрінеді.

12 күннен бері Жетісу аудандық полиция бөлімшесін торуылдап жүрген отбасы Әйгерім табылды дегеннен-ақ жетіп келіпті. Бірақ ішке анасынан өзге ешкімді кіргізбеді. Ағасының айтуынша, 15 жастағы қарындасын көргенде қатты шошыған. Әбден жүдеп қалған, жылауын тоқтатпады, құдды біреу қорқытып әкелгендей.

«Қыз бүйрегін ұстап, бүктетіліп кірді ішке. Мен өз қарындасымды білемін. Қара торы, толық қыз. Құшақтап ем, дым жоқ ішінен. Азып кеткен, түрінен-түр жоқ. АІІБ қызметкерлері бізді ішке кіргізбеді. Итеріп, бәрімізді сыртқа лақтырып жіберді. Анамды әрең кіргізді. Оған кешірім жоқ, кешірім бере алмаймыз», – дейді Айгерім Рысбектің анасы Жәнібек Әшімов.

Ал Айгерімді тауып алған ер адам өзіне соңғы рет жоғалып кеткен қызбен бірге кеткен Назим Садировтың жездесімін деп таныстырды. Балдызының үстінен арыз түскен соң, полицейлермен жұмыс жасай бастапты. Өйткені Айгерім Назиммен тілдесіп жүріпті. Сондықтан кеше 3-тер шамасында кездесуге шақырған. Саяхат базарына аудандық полициямен 12 адам болып барғанын айтады. Сол екі ортада ағалары қызға хат жазып, шошытып алған.

«Мұнан кейін сағат 18:00-де ол тағы хат жолдады. Сол кезде біз сөзге тартып, Назим арқылы кездесуге шақырдық. Бүгін сағат 11:30-да Алтын ордада кездесетін болып, жедел іздестіру өкілімен бірге бардық. Сол кезде таптық», – дейді Назимның жездесі асанжан Рахметов.

Бұны естіген анасын сенбей отыр. Өйткені сұрақ-жауапқа кіргенінде, Айгерім қорқытты деп бірнеше рет айтқан. Бізге сағат түнгі 12:00-де табылды деген полицейлер күндізгі 12-де қалай ұстайды деп сөзіне күмән келтіріп отыр. Оның үстіне 15 жастағы қыздың қолында ешқандай телефон жоқ дейді.

«Негізі істің бәрін осылар біледі. Мұның бәрін ұйымдастырып, келісіп, қызымды кінәлі етіп әкеліп отыр. «Мама, мені қорқытты», – деп, әрі қарай айта алмайды қызым», – дейді Айгерімнің анасы Нұрлыхан Рахимова.

Ал таңнан бері сұрақ-жауап алып жатқан полицейлер кәмелет жасқа толмаған қыз Назимның көмегімен табылды дейді. Өйткені қыздың отбасына қайтқысы жоқ екен. Түсініктемесінде 10 күннен бері құрбыларының үйінде жүргенін айтыпты. Полицейлер егер ата-анасынан қысым көрсе, оны да анықтап, туған әке-шешесі де жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан тергеу ұзаққа созылатын түрі бар.

«Егер де ата-анасының балаға дер кезінде қолдау немесе қадағалау жасамағаны анықталса, Әкімшілік кодекстің 127-бабына сәйкес ата-анасы міндетті түрде жауапқа тартылады», –  дейді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал Рысбековтер әулеті Назим Садировтен өзге ешкім кінәлі емес деп отыр. Қазір Айгерім әлі сұрақ-жауаптан шыққан жоқ. Бірақ гинеколог дәрігерлерге барып тексертеміз деген қыздың ағалары қарындастарының үйден кетіп, көрінгеннің босағасында түнейтіндей қысым көрмегенін, ерке болғанын айтуда. Оның үстіне анасы ауырып тұрған қызына қинап түсініктеме жазғызғанын айтып жан айқайын жеткізді.

«Ол қалай жауап береді. Қызым ауырып, ішін ұстап жылап. Кәмелет жасқа толмаған қыз қалай қол қояды. Демалған жоқ. Он бір күннен бері аш», – дейді Айгерімнің анасы Нұрлыхан Рахимова.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыда 15 жастағы қыз жоғалып кеткен еді. Айгерімнің ағасы қарындасымен желіде сөйлескен жігіттің онымен 3 сағатқа пәтер жалдағанын айтты.

Оқи отырыңыз:

Шымкент тұрғыны полицейлерден таяқ жегенін елге жариялағаннан кейін ғана тәртіп сақшыларына қатысты іс қозғалды

ОҚО-да тоққа түсіп бір қолынан айырылған бала енді аяқсыз қалуы мүмкін

Павлодарлық оқушылар диабетке қарсы сусын ойлап тапты

 

Талқылау