Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакинаның жеңісінен Shymkent Marathon-ға дейін: Bank RBK спортты қолдайды

Қазақстанда өткен демалыс күндері спорт сүйер қауым үшін ерекше жаңалықтарға толы болды. Бұл күндері Bank RBK қолдау көрсететін бірден бірнеше спорттық жоба мен спортшы маңызды жеңістерге қол жеткізді. Банктің бренд-амбассадоры Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалында Арина Соболенконы жеңіп, US Open турнирінің жеңімпазы атанды. Осылайша ол ел тарихында әлемдік жеке рейтингте көш бастаған алғашқы теннисші болды. Ал Bank RBK-тің тұрақты серіктесі – "Ордабасы" футбол клубы ел чемпионатының маңызды матчында "Астананы" жеңіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Сонымен қатар Шымкентте банк екінші жыл қатарынан бас демеуші болып отырған Shymkent Marathon жарысына 120 қала мен әлемнің 16 елінен 7 500 қатысушы жиналды.

Үш жеңіс. Мыңдаған қатысушы. Бәрін біріктірген – алға деген ұмтылыс.

Bank RBK үшін спорт – тек кәсіби жарыстар мен чемпиондардан тұрмайды. Банк үлкен мақсатқа ұмтылып, күн сайын өз шегін кеңейтіп жүрген әр адамның жанынан табылуды маңызды санайды.

“Спортта алға қарай қозғалыстың қалай басталып, қалай жалғасатынын анық көруге болады. Ол үшін алдымен мақсатыңды белгілейсің, кейін өз қарқыныңды табасың және ең бастысы – қол жеткізген жетістігіңмен тоқтап қалмайсың. Bank RBK үшін үлкен мақсаттарға ұмтылатын жандардың жанынан табылу маңызды. Бүгінде Елена Рыбакина қазақ спорты ең биік белестерді бағындыра алатынын көрсетіп жүр. “Ордабасы” өз үлгісімен көшбасшылық үшін әр матчта соңғы минутқа дейін күресіп келеді. Ал Shymkent Marathon-ға қатысқан мыңдаған адам жеңістің мәні тек бірінші келуде емес, өз мақсатыңа жетуде екенін көрсетеді. Біз адамдарды өз мақсатына жетуге жігерлендіретін осындай бастамаларды қолдауға әрдайым дайынбыз”, – деді Bank RBK басқарма төрайымы Наталья Акентьева.

Спорттық шараларда айтулы жеңістердің құрметіне орай арнайы сыйлықтар табысталды. “Ордабасы” – “Астана” матчында Bank RBK басқарма төрағасының орынбасары Сымбат Ибраймов рандомайзер көмегімен таңдалған жанкүйерге Елена Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған теннис добын табыстады. Ал марафонда осындай символдық сыйлықты 21 шақырымдық қашықтықтың жеңімпазы алды.

“Спортта бір адамның жеңісі мыңдаған адамға шабыт бере алады. Сондықтан біз кәсіби чемпиондармен қатар, спортпен айналысып, алдына мақсат қойған әр адамның жанынан табылуға тырысамыз. Кейде шабыт алу үшін бір белгі, бір кездесу немесе бір қадамның өзі жеткілікті. Ең бастысы – содан кейін алға қарай жүруге деген ниет пайда болуы тиіс”, – деді Сымбат Ибраймов.

Қазақстандағы спорттық демалыс бір нәрсені анық көрсетті: әр адамның өз мақсаты мен өз межесі бар. Ал оған жетудің алғашқы қадамы – бастаған ісіңнен бас тартпай, күн сайын алға ұмтылу.

ҚНРДА берген 2026 ж.15.07. №1.1.821.135 лицензия

Нұрила Жұмаділлә
Дүйсенбі, 14 Қыркүйек, 2026 13:55