Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір күнде қашқын атанған Тоқмәди қателік жібергенін мойындады (видео)

Қазақстан ҰҚК 8 наурызда Жамбыл облыстық ауруханасынан қашып кеткен қамаудағы кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің өз кінәсін мойындаған видеосын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Видеода кәсіпкер өзінің ахуалы жақсы екенін және денсаулығына шағымданбайтынын айтты.

«8 наурызда қашып кетуге тырыстым. Алайда құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қолға түсіп, тергеу изоляторына қамалдым. Өз кінәмді мойындаймын және бұл әрекетім қателік болды деп санаймын», – дейді Тоқмәди.

Естеріңізге сала кетсек, 8 наурызда әлеуметтік желілерде бопсалау және адам өлтіргені үшін айыпталып, тұтқынға алынған қазақстандық кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені туралы мәлімет тарап кеткен еді. Ал бүгін бір күнде қашқын атанған кәсіпкердің ұсталғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз:

Жас келіннің үйге терезеден кірген видеосы жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

«Жабыспа!»: Асаба тойда бойжеткенге тым жақын келіп билеген жігітті қуып жіберді (видео)

Төреғали Төреәлі: Өмірімнің өрнегі болған асыл жарымды өзге көзден қызғанамын

Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованы картопқа, «Лашын» тобындағы қыздарды бұзылған салатқа теңеді

Талқылау