Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қамауға алынған Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені туралы мәлімет пайда болды

Әлеуметтік желілерде бопсалау және адам өлтіргені үшін айыпталып, тұтқынға алынған қазақстандық кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені туралы мәлімет тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, Мұратхан Тоқмәди 8 наурызда кешкі сағат 19:30 және 20:00 шамасында Тараз қаласындағы облыстық ауруханадан қашып кеткен.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Тоқмәдидің қашып кеткені туралы мәліметті растамады. Десе де аталған фактіні жоққа шығарған жоқ.

Естеріңізге салсақ, Мұратхан Тоқмәди 2017 жылы 12-ші маусымда түн ортасында өз үйінде тұтқындалған болатын. Кәсіпкердің қолына кісен салуға полициямен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитеті де жұмылдырылған. Жалпы, бизнесменге қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етті деген айыптар да тағылған. Бірақ, ол «Бопсалау», «Заңсыз қару-жарақ сақтау, сату, тасымалдау» сынды ауыр баптармен сотталып отыр. Сот онда да бар-жоғы 3 жыл кескенімен, бизнестегі былықтары үшін мемлекетке бақандай 225 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттепті.

Оқи отырыңыз:

Бекболат Тілеухан: Халықтың жағдайын бұрынғымын салыстыруға келмейді

Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованы картопқа, «Лашын» тобындағы қыздарды бұзылған салатқа теңеді

Баян Мақсатқызы: Ер адамды әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек

Әли Оқапов Вьетнамда бірге демалып жүрген қыздың кім екенін ашық айтты

Талқылау