Қазақстандық мешіттерде АХАЖ құжатынсыз неке қиюға тыйым салынды
Ендi ресми түрде некелескеннен кейiн ғана мешiтте неке қиюға болады. Бұл туралы ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Дiн iстерi комитетi төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек «Әйелдер ұйымдарының жастар арасында дiни экстремизмнiң алдын алудағы рөлi» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конферециясы барысында мәлiмдедi.

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
«Ендi ресми түрде некелескеннен кейiн ғана некенi мешiтте қиюға болады. Мешiтте некесiн қиғысы келетiн жастар неке туралы куәлiктi көрсетуi тиiс. Дiн iстерi комитетi Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасына мешіттерде некенi Әдiлет органдары берген куәлiк көрсетілгеннен кейiн ғана қиюды тапсырды. Яғни, мешiттердiң неке туралы куәлiктердi жайдан-жай беру фактiлерi жоқ. Мүмкiн, бұрын болған шығар, қазiр ол жоқ», – дейдi Абзалбек.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық әнші ислам дінін қабылдап, мұсылман киімін шығарумен айналыса бастады (фото)
Министр хиджаб кигені үшін мектепке кіргізілмеген оқушыға қатысты пікір білдірді
Қазақстандық бойжеткен Бахрейнде құрбысының кесірінен құлдықта болған
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген