Еңбекке жарамсыздық парағын сатып алған қазақстандықтарға 692 мың теңге айыппұл салынатыны ескертілді
Әлеуметтік желілерде “075 анықтаманы қайдан сатып алсам болады?” деген сынды хабарландыру жариялайтындар көбейді. Азаматтар медициналық тексеруден өтуге ерініп, 7000 теңгеге сатып ала салғанды жөн көреді. Алайда жалған құжат жасатқаны әшкереленсе, 40 тәулікке қамауға алынып, 692 000 теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бірі баласы алмаған вакцинаны алды деген қағаз іздесе, келесі біреу еңбекке жарамсыздық туралы, тағы бірі жүргізуші куәлігін алу үшін жалған медициналық тексеруден өтті деген анықтама керек деп ашық желіге жазған. Мұның соңы ірі көлемдегі айыппұлға әкеп соғатын қылмыс екенін білмесе керек.
“Ол бірнеше рет қайталанса, бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылады. Және жалған құжаттарды дайындау алдау мақсатында жасалса, Қылмыстық кодекстің 190-бабы “Алаяқтыққа” сәйкес бас бостандығынан айыратын жазалар қарастырылған. Осы анықтаманы қазір көп жасайды. Ондай жолға бармау керек. Ертең де тексеріс, басқа да іс-әрекеттер болса, жауапқа тартылады. Көбіне баласына пайдаланады. Енді өсіп келе жатқан баланың болашағына балта шаппау керек”, – деді заңгер Мерхат Ахметолдин.
Денсаулыққа қатысты анықтама сату мен сатып алудың жазасы Қылмыстық кодексте жазылған.
“Қылмыстық кодексінің 385-бабының бірінші бөлігіне сәйкес куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау, сондай-ақ қолдан жасалған мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді және өзге де құжаттарды дайындау немесе өткізу қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғады. Мұндай әрекеттер үшін 2000 АЕК айыппұл салу, алты жүз сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған”, – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.
Анықтама жасап сатқан адамды сот 4 жылға қызметінен қуады. Ал оны 4 мың теңгеге сатып алған адам 692 000 теңге айыппұл төлеп, 40 тәулікке бас бостандығынан айырылады. Сондықтан дәл қазір жұмысқа, балаларды мектепке дайындайтын кезде арнайы емханадан тексеруден өтіп барып анықтама алу керек
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар