Ең ұзақ COVID-19: Әлем бойынша коронавируспен 16 ай ауырған адам тіркелді
Ұлыбританиялық ғалымдар әлем бойынша коронавируспен ең ұзақ уақыт ауырған адамды таптық деп санайды. Этикалық себептермен есімі аталмаған науқас бұл дертпен 505 күн (16 айдан аса) ауырған. Ол адам сол күйі ауруды жеңе алмай, 2021 жылы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.

Науқас 2020 жылдың басында алғаш рет коронавирус жұқтырды. Коронавирустың барлық белгілері байқалған соң, ПТР тест тапсырып, ауруды анықтады. Бұдан кейін ол 72 апта бойы қайта-қайта ауырып, ауруханаға бірнеше рет түсті. Осы уақыт аралығында Covid-19-ға тапсырған анализдердің бәрі оң нәтиже көрсетті (бас-аяғы 50 тексеру).
Дәрігерлердің пікірінше, науқас бір дертпен ұзақ уақыт бойы күрескен, вирусты қайталап жұқтырмаған. Мамандар тестілерді жіті зерттегеннен кейін осындай байламға келді.
Атап өтетін жайт, науқас вирусқа қарсы препараттар қабылдаса да, аурудан жазыла алмаған.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты