Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауруды ұзақ емдеуге тура келеді": Шымкентте белгісіз вирус тарады

Шымкент тұрғындары арасында белгісіз вирус тарады. Ауырғандар арасында ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен, тамақтары ауырмайды және температура көтерілмеген. Керісінше жөтел қысып, ентігу пайда болған, әрі буын ауруына шағымданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап. 

вирус

Шынар Оразова соңғы айда осымен екінші рет ауырған. Әйелдің сөзінше, суық су ішпеген, суықта жүрмеген. Алайда екі рет те ауру белгілері бірдей болған. 

"Бастапқыда мұрын көгеріп тұрды, кейін тамағыма ауысты. Ақылы медициналық орталыққа бардым. Ол жақта маған ЖРВИ екенін айтып, дәрі-дәрмек жазып берді. Қазір емделіп жатырмын", –  дейді Шымкент тұрғыны. 

Осындай ауру белгілеріне жүздеген қала тұрғыны шағымданған. Мамандар вирустың жұқпалы екенін айтады. Тек ақпан мен наурыз айларында 7 962 ЖРВИ жұқтыру дерегі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе еге көп дейді дәрігерлер. 

"ЖРВИ жұқтырғандардың 72,5% 14 жасқа толмаған балалар. 2021 жылы күзінен 2022 жылдың көктеміне дейін тұмаудың 16 жағдайы тіркелді, олардың 6-ы балалар", – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Жанар Жақсылықова. 

Шымкенттіктер ауруды ұзақ емдеуге тура келетін айтады. Дәрігерлер мұның ковид салдары болуы мүмкін екенін, яғни иммунитеттің әлсірегенін алға тартты. 

"Бізде коронавирус инфекциясы кезінде бірінші кезекте ересектер мен егде жастағылар ауырды. 60-65 жастан асқан азаматтарда иммундық процесстер төмендейді", – дейді дәрігер-инфекционист Зарипа Оспанова.

Талқылау