AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордаға қоныс аударатын қазақстандықтар санына шектеу енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов алдағы уақытта елордаға көшіп келушілерге шектеу енгізу мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала басшысы халық саны өскен кезде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға орасан зор салмақ түсетінін айтты.

"Болашақта бізге кейбір шектеулер қажет болады. Өйткені жылу жетпесе, халық лимитін көбейте алмаймыз, су, жарық жетпейді. Мұның барлығын ескеру керек, бұл – болашақтың ісі, сондықтан бас жоспарда, жобалауда осының бәрі ескерілген. Алдағы уақытта қандай шараларды қолға алу керектігін қарау керек", – деді әкім.



Айта кетейік, бастапқыда билік 2030 жылы елордада 800 мың адам тұрады деп жоспарласа, 2022 жылдың өзінде елордада 1,2 миллионнан астам адам тұрады.

Мамандардың болжамы бойынша, 2035 жылы Нұр-Сұлтан халқының саны 2,5 миллион адамға дейін өседі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр