"Бұдан да маңызды сұрақтар бар": Нұр-Сұлтан әкімі қала атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астанадағы көптеген нысандарға Н.Назарбаевтың есімі берілуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әкім қала атауын қайта өзгертуді құптамайтынын мәлімдеді.
“Ресми шешім қабылданып қойған. Барлығымыз осы қалада жұмыс істейміз, тұрамыз. Шынымды айтсам, барлығын қайта-қайта қарауды қолдайтын адам емеспін. Сонымен қатар қала атуын өзгертуден де маңызды сұрақтар бар. Басқа мәселелерді де шешу керек. Шешім қабылданды, біз жұмыс істеп жатырмыз", – деді Алтай Көлгінов.
Қала әкіміне сұрақ қою барысында журналист астанадағы көптеген нысандарға Н.Назарбаевтың атауы берілгенін айтып, бұған қатысты әкімнің пікірін сұрады.
"Оның (ред. Н.Назарбаевтың) тарихтағы рөлін ескеру керек. Бәлкім осыған байланысты шешім қабылданған шығар. Ал қабылданған шешімге қатысты мен пікір білдірмеймін", – деп қосты ол.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды