Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлгінов Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион мен "Қазақстан" спорт кешенінің апаттық жағдайда тұрғанын растады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион мен “Қазақстан” спорт кешенінің апаттық жағдайға байланысты сүрілетінін және олардың орынына жаңа нысандар салу көзделгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әкім Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның қазір апаттық жағдайда тұрғанын және жөндеу жұмыстарын көтермейтінін растады.

“Иә 2020 жылы капиталды жөндеу жобасы болды. Біз тіпті осы мәселе бойынша байқау жариялап мердігерлерді де таңдадық. Мердігер қалпына келтіру жұмысын бастаған кезде ол ғимараттың кейбір нысаны жөндеуден түсетін күшті көтере алмай, кейін қирауы мүмкін екенін жеткізді. Сондықтан біз осыны ескере отырып,  нысанды апаттық деп тану үшін сарапшылардың көмегіне жүгіндік. Мамандар ғимаратты апаттық жағдайда деп таныды. Алайда біз оны бекіту үшін қалалық басқару бойынша құзырлы органдардан жауап күтудеміз. Құзырлы органдар бұл сауалмен әлі де айналысып жатыр. 



Бұл стадион бізге қажет. Оң жағалаудағы дәл сол ауданда жаңа стадион салуымыз керек. Бұл жақта спортпен шұғылданушылар, футболмен айналысушылар саны артып келеді. Сондықтан тұрғындардың игілігі үшін бұндай нысан салынуы қажет”,-деді Көлгінов.

Сонымен қатар әкім Қазақстан спорт кешенінің де апаттық жағдайда деп танылғанын жеткізді. Бассейн, спорттық үйірмелері бар бұндай ғимараттың құрылысы мемлекеттік және жеке иеліктің серіктестігімен іске асырылатынын қоса кетті. 

 

Талқылау