Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдік қызметімнен шаршаған жоқпын - Елорда басшысы

Нұр-Сұлтан қаласының басшысы Алтай Көлгінов қаладағы өзекті мәселелерді шешуге әуде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көлгінов

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде журналист елорда әкіміне мынадай сұрақ қойды: 

“Нұр-Сұлтан тұрғындары алматылықтар секілді көп дүниелерге, оның ішінде өздерінің әкімдеріне сын айта бастады. Сіз 2019 жылы әкім болып сайланған едіңіз. Осыған орай сұрағым: Көлгінов мырза, сіз әкім болудан шаршаған жоқсыз ба?”, – деп сұрады журналист.

Өз кезегінде қала басшысы өз қызметінен шаршамағанын кесіп айтты. 

“Жоқ, мен әкімдік қызметімнен шаршаған жоқпын. Мен мемлекеттік қызметте жұмыс атқарамын деп мақтанышпен айта аламын. Қазір күн тәртібінде тұрған қаламыздағы мәселелерді шешу басты парызым деп есептеймін. Атап айтсам, мектеп, қолжетімді баспана, көпірлердің салу, азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу, қоғамдық орындар мен қаланы көркейту тағысы тағы бар”, – деді Көлгінов. 


Ақысы 7 млн теңге ме? Нұр-Сұлтан әкімі балаларының қайда оқитынын айтты

Талқылау