Елордадағы өзеннің ластануы тұрғындарды шошытты: Қазгидромет түсіндірді
Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан маңындағы Ақбұлақ өзенінің ластанғаны туралы бейнежазбалар тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін Қазгидромет өзен суына зерттеу жүргізді. Нәтижесі әлі белгілі болған жоқ.
"Елорда тұрғындарының әлеуметтік желілерде хабарлауынша, Байқоңыр ауданында Ақбұлақ өзенінің (Есіл саласы) ластануы байқалады.
Қала тұрғындарының өтініштері негізінде «Қазгидромет» РМК мобильді зертханасы экология департаментімен бірлесіп, 3 нүктеде жер үсті суларының сынамаларын жоспардан тыс іріктеу және талдау үшін су объектісінің ластану орнына шықты. Талдау нәтижелері қосымша хабарланатын болады", - дейді Қазгидромет.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"