Еліміздегі ірі мұнай өңдеу зауытында жұмысшы қайтыс болды
24 тамыз күні сағат 16.00 шамасында Теңізде оқыс оқиға орын алып, салдарынан жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ақпарат Petrocouncil.kz Telegram-арнасында жарияланды.

Мәліметке сүйенсек, ірі мұнай өңдеу зауыты "Теңізшевройл" ЖШС-ның қосалқы мердігері Infra Del Project жабдықтың герметикалығына пневматикалық сынақтар жүргізген. Шлангтардың бірі жүктемеге төтеп бере алмай, жұмысшыға соғылған. Қызметкер қайтыс болды.
"Теңізшевройл" компаниясы ресми түсініктеме дайындап жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Теңізде бұған дейін жұмысшылардың өлімі тіркелген еді. 2022 жылдың 6 шілдесінде құрылыс алаңында гидравликалық сынақтар кезінде жарылыс болып, үш адам жарақат алып, екі қызметкер қаза тапқан.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан