Атырауда теңіз кен орнында жарылыс болып, жұмысшылар қаза тапты
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

6 шілде 10:30 шамасында “Теңіз” кен орнында құбырға гидротест жасап, атмосфералық газ жіберген. Қысымды көтере алмаған құбыр жарылып, екі жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.
Ақпаратты “ТеңізШеврОйл” компаниясы растап, кейін пікір білдіруге уәде етті.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова кен орнынан жедел жәрдемге қоңырау түспегенін айтты.
“Теңізде зардап шеккендер аудандық аураханаға медициналық көмекке жүгінген жоқ”, – деді Айша Кенжемұратова.
Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын бастап кетті. Қазір жұмыс тоқтатылып, қызметкерлер таратылған.
Кеше осы Теңіз кен орнында бір жұмысшы асылып қалған болатын.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"