Теңіз кен орнында жұмысшы асылып қалды
Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнында жұмысшы асылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

5 шілдеде ТеңізШевройл компаниясының мердігері "Сенімді құрылыс" мекемесінің 28 жастағы жұмысшысы түнгі ауысымға жұмысқа шыққан. Құрылыс алаңында өзі қалған кезде, асылып қалған. Оның денесін басқа жұмысшылар тауып алып, компанияға хабар берген.
"Сенімді құрылыс" мердігер компаниясы жұмысшысының денесінің табылғаны туралы бізге хабарлады. Тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама жіберілді”, – деді ТШО баспасөз қызметі.
Атырау облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Әзірге ер азаматтың неге өз-өзіне қол жұмсағаны белгісіз.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген