AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіміздің азаматтарға жұмыс жоқ": Атыраулықтар Қарабатан кен орнына жұмысшылардың шетелден әкелінгеніне наразы

Атырауда кен орнында жұмыс істеуге Африкадан 109 азамат келген. Облыс тұрғындары өңірде жұмыс жоқ кезде қызметкерлер сырттан әкелініп жатыр деп наразылық білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Африкалық жұмысшылар Атырау облысына өткен айда келіпті. Олар Атырау қаласы маңындағы Қарабатан кен орнында инженер лауазымында жұмыс істейді. Алайда бұл жағдай тұрғындардың наразылығын тудырып отыр. Халық аймақта жұмыс таппай отырған кезде жергілікті ұйымдарға шетелден қызметкерлер әкелініп жатыр деп налиды. 

“Өзіміздің азаматтар жұмыс таба алмай, сенделіп жүр. Көптеген жергілікті ер азаматтар Қарабатан түгілі, Теңіз кен орнында жұмыс таба алмай жүр. Оларды жұмысқа алмайды, бірақ әлемнің ана шетінен африкалықтарды шақыртамыз. Олар қарапайым инженер болып жұмыс істесе де, миллионнан жоғары жалақы алады. Бұл сұмдық қой”, –  дейді қала тұрғыны Әсия Жолмағамбетова.

Әсияның айтуынша, жолдасы Қарабатан кен орнына жұмысқа кіре алмағандықтан, қаладағы қоғамдық көлік жүргізушісі болып жұмыс істеуге мәжбүр.

Бұл мәселе жайлы құзырлы органдар пікір білдірді. 

“Африка құрлығынан азаматтар келгенін растаймыз. Барлығы заңды. 109 африкалыққа облыс аумағында жұмыс істеуге рұқсат берілді. Олар инженер болып қызмет атқарады. Жалақылары туралы ақпарат жоқ”, – деді Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, ведомство мәліметінше, өткен жылы 14 мыңғa жуық азамат жұмыссыз ретінде тіркелген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр